«Республикам – мақтанышым!» » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Республикам – мақтанышым!»
16
ноябрь
2026

«Республикам – мақтанышым!»

 « «Республикам – мақтанышым!»
«Республикам – мақтанышым!» Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектептің барлық сыныптарында «Республикам – мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Сынып сағаттары барысында оқушылар Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, еліміздің жетістіктері мен туған жердің қадірі туралы ой бөлісті. Отан, туған жер, ел бірлігі жайлы мақал-мәтелдер айтып, патриоттық өлеңдер оқып, танымдық сұрақтарға белсенді жауап берді. Сонымен қатар «Мен Қазақстанымды мақтан тұтамын, себебі…» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, ел болашағы туралы пікірлерімен бөлісті. Тағылымды сынып сағаттары оқушылардың бойында патриоттық сезімді нығайтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ел тарихын білуге және туған елінің дамуына үлес қосуға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. 💙 Республикамыз – мақтанышымыз, тәуелсіздігіміз – баға жетпес байлығымыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив