16
ноябрь
2026
«Республикам – мақтанышым, Қазақстаным – Отаным!»
« «Республикам – мақтанышым, Қазақстаным – Отаным!»
«Республикам – мақтанышым, Қазақстаным – Отаным!» Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы күніне арналған зияткерлік апталық аясында, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес «Республикам – мақтанышым, Қазақстаным – Отаным!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елін құрметтейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу. Мерекелік бағдарлама барысында патриоттық әндер орындалып, үгіт тобының мүшелері Отан мен туған жер туралы өлеңдер оқыды. Оқушылар әсем билерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік шараның мазмұнын аша түсті. Тағылымды іс-шара жас ұрпақтың бойындағы ұлттық рухты нығайтып, туған елге деген мақтаныш сезімін арттыруға бағытталды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Қазақстан – мақтанышымыз, Отанымыз!