Адал азамат » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2026

Адал азамат

 Адал азамат
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынымдары негізінде 2026–2027 оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. Жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарына негізделіп, білім алушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, білімге ұмтылу, заң мен тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, еңбек адамы мен Отанды құрметтеу қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Тәрбие жұмыстары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы, «Заң және тәртіп», «Адал еңбек» қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Білім күнін ұйымдастыру бойынша: - Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға сыныптардың қатысу тәртібін білім алушылардың саны мен мектептің мүмкіндігіне қарай білім беру ұйымының басшысы айқындайды. - Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау міндетті. - Білім алушылардың мектеп формасы белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. - Іс-шара барысында білім алушылардың, педагогтердің және ата-аналардың (заңды өкілдердің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қатаң сақталуы қажет. - Мектеп аумағында қоғамдық тәртіптің, өрт қауіпсіздігі мен санитариялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылады. Бірыңғай сынып сағатының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» Сынып сағаты барысында «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Толық адам», «Зерделі ұлт» құндылықтары мен бағыттары қамтылады. Білім алушыларға сапалы білім алу, адал еңбек ету, заң талаптарын сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, Отанға құрмет және белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын дәріптеуге басымдық беріледі. Бірыңғай сынып сағатына білім беру саласының еңбек ардагерлерін, жергілікті атқарушы және білім басқару органдарының өкілдерін, қамқоршылық кеңес мүшелерін, ата-аналарды (заңды өкілдерді) шақыру ұсынылады. Сыйлықтар мен қаражат жинауға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау мақсатында білім беру ұйымында Білім күніне және басқа да мерекелік іс-шараларға байланысты ақшалай немесе заттай қаражат жинауға жол берілмейді. Атап айтқанда: - мектеп әкімшілігіне, педагогтерге және өзге де қызметкерлерге қымбат сыйлықтар мен қымбат гүл шоқтарын ұйымдастырып ұсынуға; - ата-аналардан кеңсе және шаруашылық тауарларын сатып алуға қаражат жинауға; - оқу кабинеттерін жабдықтау немесе безендіру, гүл, перде, жиһаз, техника және басқа да қажеттіліктер үшін ақша жинауға; - сынып кабинеттеріне гигиеналық және тұрмыстық құралдар сатып алу мақсатында міндетті түрде қаражат жинауды ұйымдастыруға; - ата-аналар чаттары, ата-аналар комитеттері немесе өзге де тұлғалар арқылы қандай да бір мақсатта мәжбүрлі түрде ақша жинауға жол берілмейді. Сынып жетекшілері аталған талаптарды ата-аналар мен білім алушыларға алдын ала түсіндіріп, ата-аналар чаттарында қаражат жинауға жол бермеу жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Білім күні білім алушылар үшін мерекелік көңіл күй, жаңа білімге ұмтылыс, Отанға деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыратын тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде ұйымдастырылуы қажет. Осы ұсынымдар мен талаптардың орындалуын барлық жауапты тұлғалар қамтамасыз етсін
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив