04
октябрь
2026
,Адал азамат”
,Адал азамат”
28.08.2026ж. А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні (Т2) мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жаңа оқу жылына арналған алғашқы отырысын өткізді. Отырыс барысында білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар айқындалды. Атап айтқанда, бағалау, жазба жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына кіріктіру керектігі айтылды. Әріптестеріміз жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттерді саралап, тәжірибе алмасып, алдағы жұмыстардың жоспарын бекітті. Ортақ мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру. Тамыз конференциясында баяндама оқыған ӘБ жетекшісі Медетбекова Айгүл алған тәжірибесімен бөлісіп, ,,Адал азамат”біртұтас бағдарламасы құндылықтарын қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қолдану туралы білімімен бөлісті.