ЫМКЕНТТЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЫМКЕНТТЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
04
октябрь
2026

ЫМКЕНТТЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

 ЫМКЕНТТЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
ШЫМКЕНТТЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ Шымкент қаласы білім басқармасы қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен дәстүрлі педагогтерге арналған қалалық тамыз конференциясын өткізді. Биылғы конференция «ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ» тақырыбына арналды. Іс-шара «QYZGALDAQ saraiy» мәдениет сарайында өтті. Конференцияға ЖОО басшылары, цифрлық білім беру платформаларының үйлестірушілері, басқарма басшылары, аудан әкімдері, жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагер ұстаздар, қамқоршылық және әдеп кеңестерінің мүшелері, мектеп басшылары мен орынбасарлары, педагогтер мен ата-аналар қатысты. Жалпы қатысушылар саны 2000 адамды құрады. Конференцияның басты мақсаты – Конституцияның нормалары мен құндылықтарын білім беру жүйесінде іске асыру, адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін нығайту, тәрбиелік жұмысты жетілдіру, цифрлық трансформация мен инклюзивті білім беруді дамыту және білім саласының өзге де стратегиялық бағыттары бойынша пікір алмасу. Күн тәртібінде Конституцияның нормалары мен құндылықтарын білім беру жүйесінде іске асыру, адами капиталды дамыту, 2025–2026 оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылына қойылатын мақсаттар мен міндеттер, білім саласындағы өңірлік бастамалар, білім берудегі цифрлық платформалардың мүмкіндіктері, сондай-ақ «Адал азамат» тәрбиесінде мектеп пен отбасының біртұтастығы мәселелері қаралды. Жиын барысында білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланып, педагогтердің ұсыныстары мен пікірлері ортаға салынды. Конференцияда көтерілген мәселелер мен ұсыныстар алдағы уақытта нақты шешімдерге негіз болмақ. Тамыз конференциясы секциялық жұмыстармен жалғасты. Секциялық отырыстарда білім берудің түрлі бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылындағы басымдықтар мен міндеттер айқындалды. Алдағы оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер әрбір білім беру ұйымындағы педагогикалық ұжымдарда талқыланып, нақты жұмыстарға бағыт беретін маңызды тақырыптарға айналмақ. Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Білім сапасы – педагогтің кәсіби әлеуеті мен ортақ жауапкершіліктен басталады! Показать меньше
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив