Адал азамат » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2026

Адал азамат

 Адал азамат
26.08.2026ж. А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жаңа оқу жылына арналған алғашқы отырысы өтті. Отырыс барысында білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар айқындалды. Атап айтқанда, бағалау, жазба жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына кіріктіру, сондай-ақ сабаққа қатысу мен кешігудің алдын алу мәселелері сөз болды. Әріптестеріміз жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттерді саралап, тәжірибе алмасып, алдағы жұмыстардың жоспарын бекітті. Ортақ мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру. Тамыз конференциясына қатысып, баяндама оқыған ӘБ жетекшісі Медетбекова Айгүл алған тәжірибесімен бөлісіп, ,,Адал азамат”біртұтас бағдарламасы құндылықтарын қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қолдану туралы білімімен бөлісті. Жаңа оқу жылы барша ұстаздарға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен жемісті еңбек әкелсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив