03
апрель
2023
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп гимназияда Шымкент қалалық №2 емхананың акушер-гинекологы Ш.Ш.Османова, Шымкент қалалық №2 емханасының психологы А.Тастанова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары У.Жамбулова мектеп медбикесі Б.Абитаева мен А.Шалқардың қатысуымен 9-11 сынып қыздары арасында жеке гигиенаны сақтау және ерте "Жүктіліктің алдын алу", "Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мамандардың кеңесін тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алу арқылы түсініктерін кеңейтті.