27
март
2026
Жыл басы- Әз Наурыз
Жыл басы- Әз Наурыз
Жыл басы- Әз Наурыз 🌿 Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында Наурызнама онкүндігі аясында Наурыз Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесі кең көлемді, мазмұны терең әрі ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мереке – тек көктемнің келуі ғана емес, ол – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің, мейірім мен ізгіліктің символы. Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, оқушылар мен ұстаздар қазақ халқының бай мәдениетін кеңінен насихаттады. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп, мерекенің сәнін келтіріп, қазақы нақыштағы ерекше атмосфера қалыптастырды. Мерекелік бағдарламаның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру және халқымыздың бірлігін нығайту болды. Әрбір қатысушы осы күннің маңыздылығын сезініп, жүректеріне жылулық пен қуаныш ұялатты. Наурыз – бұл жаңа үміттің бастауы, жаңа мақсаттардың кезеңі. Осы орайда баршаңызға зор денсаулық, молшылық, бақыт пен береке тілейміз! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ орнасын! 🌸 Әз Наурыз құтты болсын!