23
сентябрь
2022
"Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын нығайту, жеке гигиенаны сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу", "Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп- гимназиясында "Ана үйі" қоғамдық қорының үйлестірушісі Қ.Ж.Тонтекова, Шымкент қалалық №2 емхананың акушер-гинекологы Ш.Ш.Османова, Шымкент қалалық №2 емханасының психологы А.Тастанова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары У.А.Жамбулова, мектеп педагог-психологі С.Қаратаева, мектеп мейірбикесі Б.Абитаеваның қатысуымен 9-11 сынып қыздары арасында "Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын нығайту, жеке гигиенаны сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу", "Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мамандардың кеңесін тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алу арқылы түсініктерін кеңейтті.