17
март
2023
ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ, БАСЫ БОЛСЫН ЫРЫСТЫҢ
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында кең көлемде аталып өтті.
Мектептің өнерпаз оқушылары мен ұстаздары керемет өнерлерін ұсынды. Салт-дәстүрімізді насихаттаған Наурыз жаршыларымен ашылып, "Жер ана мен Қыдыр бабаның батасымен жалғасты. Сондай-ақ, "Самалық", "Қыз ұзату", "Жар-жар" секілді дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды.
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! - деп, ұстаздарымыз бен оқушыларымыз бір-біріне ақ тілектерін арнады.
Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.
Наурыз мерекесі - барлық жақсылығымен келсін!