08
март
2023
Әйел адам – гүлмен тең
8 наурыз – ер-азаматтардың назарынан тыс қалмайтын бірегей мереке. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – аяулы әжелереміз бен аналарымыздың, ханымдарымыздың, аруларымыз бен қыздарымыздың төл мерекесі. Ана қуанышы, әйел шаттығы – әр шаңырақтың, әр отбасының беделі, Отанымыздың мерейі десек еш қателеспейміз. Осынау шуақты мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі де жақсылықтың керемет көрінісі, әдемі нышаны болса керек. Абай: «Әйел адам – гүлмен тең», — дегендей Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы№50 мектеп-гимназияның ер жігіттер қауымы осындай керемет мерекемен барша мектептің нәзік жанды әріптестерін құттықтады. Әйел — ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Сұлулық пен нәзіктіктің иесі, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен жандар қашан да зор қошеметке ие.