26
март
2026
Эмоционалдық есею және құрмет: ересек өмірге қадам

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда 9-10 сынып қыздары арасында «Эмоционалдық есею және құрмет: ересек өмірге қадам» тақырыбында тәрбиелік-психологиялық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мақсаты – оқушылардың эмоционалдық сауаттылығын арттыру, өз сезімдерін дұрыс түсініп, басқара білуге, қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ересек өмірге саналы түрде қадам жасауына бағыт беру. Жиналыс барысында педагог-психолог С.Каратаева оқушылармен ашық пікір алмасып, эмоционалдық есеюдің маңыздылығын түсіндірсе, ДТІЖО У.Жамбулова тәрбиелік бағытта құнды ойларымен бөлісті. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Мұндай түсіндірмелер жас ұрпақтың тұлғалық дамуына, жауапкершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.