ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЕСЕЮ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТ: ЕРЕСЕК ӨМІРГЕ ҚАДАМ » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
» » ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЕСЕЮ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТ: ЕРЕСЕК ӨМІРГЕ ҚАДАМ
26
март
2026

ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЕСЕЮ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТ: ЕРЕСЕК ӨМІРГЕ ҚАДАМ

 ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЕСЕЮ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТ: ЕРЕСЕК ӨМІРГЕ ҚАДАМ
Шымкент қаласы 🔰 А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясы 28.01.2026ж. 🌼 Қыздармен профилактикалық жұмыс ✨ «ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЕСЕЮ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТ: ЕРЕСЕК ӨМІРГЕ ҚАДАМ» ✨ 🌼 Қыз бала — нәзік те, терең әлем. Ал сол әлемді түсіну, эмоциясын тану және өзіне құрметпен қарау — ересек өмірге апарар ең маңызды қадамдардың бірі. 10- сынып қыздарымен өткізілген кездесуде "Эмоционалдық есею, өзін-өзі тану, жеке шекара, өзара құрмет" тақырыбы қамтылды. Іс-шараға мектептің ДТІЖО орынбасарлары: Нурметов Е. және Жамбұлова Ұ. қатысып, қыз тәрбиесі, тәртібі, өзіне құрметпен қарау жөнінде өз пікірлері мен ақыл-кеңестерін айтты. Іс-шараның мақсаты: 📌 қыздардың эмоционалдық есеюіне қолдау көрсету; 📌 өзін және өзгелерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру; 📌 құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу; 📌 ересек өмірге психологиялық тұрғыда дайын болуына ықпал ету. Қыздар өз сезімдерін тануға, оларды дұрыс жеткізуге, өз құндылығын сезінуге мүмкіндік алды. ✅ Бұл жұмыс — тек тәрбиелік әңгіме емес, бұл — құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың және өзіне зиян келтіретін әрекеттердің алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық қадам. ✅ Эмоциясын түсінген, өзіне құрметпен қарайтын қыз — қысымға қарсы тұра алады, өз шекарасын қорғайды және саналы шешім қабылдай біледі. 🌈 Бүгінгі ішкі әлемін түсінген қыз — ертең өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын, саналы әрі қауіпсіз таңдау жасай алатын тұлға. Педагог-психолог: Каратаева С.С.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив