02
июнь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
АДАЛ АЗАМАТ
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы📚🇰🇿 Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназияда 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылғы 12-20 мамыр аралығында 1–11 сынып оқушыларына арналған тақырыптық эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа, құқықтық сауаттылық пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту. Эссе жазу бағыттары сынып деңгейіне сай төмендегідей болып бөлінді: 1–4 сыныптар – «Таза Қазақстан» тақырыбы аясында: Сен «Таза Қазақстанға» қандай үлес қоса аласың? Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек? Мен табиғатты қорғаймын, себебі... 5–9 сыныптар – «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында: Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек? Заңды орындау қоғамның дамуына қалай әсер етеді? Сен қоғамдық тәртіпті орнатуға қандай үлес қоса аласың? 10–11 сыныптар – «Адал азамат» тақырыбы аясында: Сен үшін «Адал азамат» деген кім? Қоғамның дамуына адалдық қалай әсер етеді? Ар-ұждан мен намыс адалдыққа қалай әсер етеді? Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірлік құндылықтар туралы терең пікір білдіруге мүмкіндік алды. Эсселер арқылы жас ұрпақтың азаматтық ұстанымы мен патриоттық көзқарастары байқалды.