07
апрель
2023
Органикалық қосылыстардың изомериясы
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында химия-биология пәнінің апталығы аясында 06.04.2023ж күні химия пәні мұғалімі А.Төлеген 9”А” сыныбымен “Органикалық қосылыстардың изомериясы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың оқу мақсаты:
✓ Изомерия құбылысын түсінеді
✓ Көмірсутектер құрылымдық изомерлерінің формулаларын анықтайды
✓ Изомерленудің формуласын құрастыра біледі. Мұғалім өз сабағында АКТ құралдарын, интернет платформаларды еркін меңгергендігін көрсете білді. Сабақта жеке, топтық, жұптық жұмыстар жүйелі жоспарланған. Сабақта оқушылар белсене қатысып, түрлі тапсырмаларды жарыса орындағаны көрінді. Оқушылар “Гүлмен бөлу” әдісі арқылы топқа бөлініп, арнайы дайындалған формула парақтары арқылы бағаланып.”Learning Apps”, “Адасқан формулалар” әдісі, Wordwall платформасы қолдана отырып өз мақсатына жетті. Кері байланыс Qr код арқылы wooclap.com платформасында көрсетілді. Сабаққа мектеп әкімшілігі және ұстаздар қатысты. Жас маманға талабына нұр жаусын демекпіз