14
апрель
2023
Ақиқат және жалған пікірлер құру
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптар апталығында 14.04.2023 ж 3"Д" сынып жетекшісі Аширова Рауза Кыйлыбекқызы математика пәнінен "Ақиқат және жалған пікірлер құру" тақырыбына ашық сабақ өтті.Сабақтың оқу мақсаты:Ақиқат немесе жалған пікірлер құра алады,есептеу тәсілдерін түсіндіре алады,тақырыпқа сай тапсырмалар құрастыра алады.
Мұғалімнің сабағында жеке,жұптық,топтық жұмыстар жүйелі жоспарланған.Акт құралдарын, интернет платформаларын еркін меңгергендігін көрсете білді.Сабақта оқушылар түрлі тапсырмаларды белсенділікпен орындады."Айналмалы бекет","Табан ізі","Сандар сөйлейді" әдістерін қолдана отырып,мұғалім өз мақсатына жетті.Кері байланыс "Тик ток" әдісі бойынша жасалды. Оқушыларға біріңғай бағалау парақшасын бере отырып,өзін-өздері бағалап шықты.Сабаққа мектеп әкімшілігі және ұстаздар қатысты.