Қауіпсіз интернет – саналы ұрпақ кепілі! » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз интернет – саналы ұрпақ кепілі!
26
март
2026

Қауіпсіз интернет – саналы ұрпақ кепілі!

 Қауіпсіз интернет – саналы ұрпақ кепілі!
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында Шымкент қалалық білім басқармасының 06.02.2026 жылғы №10-08-07/937 хатына сәйкес Халықаралық қауіпсіз интернет күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында оқушыларға интернет кеңістігін дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану жолдары түсіндірілді. Әлеуметтік желідегі мәдениет, кибербуллингтің алдын алу, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен жалған ақпараттан сақтану тақырыптары кеңінен қамтылды. Сонымен қатар оқушыларға цифрлық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылып, түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың интернетті қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру, киберқауіптердің алдын алу, ақпараттық сауаттылықты арттыру және жеке деректердің қорғалу маңызын түсіндіру. Қауіпсіз интернет – саналы ұрпақ кепілі!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив