Әлеуметтік педагогтың есебі 2023-2024 оқу жылы » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік педагогтың есебі 2023-2024 оқу жылы
01
июль
2024

Әлеуметтік педагогтың есебі 2023-2024 оқу жылы

Әлеуметтік педагогтың есебі

2023-2024 оқу жылы

Мектебімізде 2023-2024 оқу жылында мөлтек аудан бойынша тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 6 бала бар. Оның ішінде 1 бала мүгедектігіне байланысты қамқоршысымен бірге үйінде, 5 оқушымыз қазіргі уақытта мектебімізде білім алуда.

Жалпы оқушы саны – 2727

Тұл жетім – 3

Қамқорлықтағы оқушылар – 2

АӘКА – 80

Көпбалалы – 1193

Жартылай жетім – 40

Форма-4, жалғызбасты ана отбасы балалары – 100

Аз қамтылған – 558

Өгей анамен – 1

Өгей әкемен – 11

Үйде оқитын оқушылар – 15

Инклюзивті білім беру бойынша оқитын оқушылар – 8


2023-2024 оқу жылы. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Мектепке жол» акциясы жалпы оқу жылы көлемінде  ұйымдастырылады. Тамыз айында өтілген «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының мектепке дайындығын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Акция 2023 жылдың 1 тамызынан басталып, 2023 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталды. Акцияның ұраны: ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА! 

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлықпен назар аудара алады.

2023-2024 оқу жылына жергілікті бюджеттің Міндетті білім қорынан мектепке дайындық мақсатында мектеп формасы мен кеңсе заттарына арналған «Мектепке жол» акциясы аясында 700 оқушыға 41.000 теңге көлемінде қаржы аударылды.
 Жалпы қаражат көлемі 28 700 000 теңге. Оның ішінде:

тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 5 оқушы;
атаулы әлеуметтік көмек алатын – 80 оқушы;
аз қамтылған – 615 оқушы;

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

2023-2024 оқу жылы. Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «1 қыркүйек – білім күніне» орай «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы өтті. Мектебіміздің аз қамтылған отбасынан 4 балаға мектепке қажетті кеңсе заттарымен жабдықталған сөмкелер демеушілер тарапынан берілді. Балаларға көңіл-күй сыйлау мақсатында AVATARIYA ойын-сауық орталығында балалар аттракциондарда ойнап, циркті бағдарламалар көрсетілді.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы Тұран ауданында алғашқы рет өткізілді.

2023-2024 жаңа оқу жылында «DAULETTEN» қоры «Ауылдағы ағайынның балаларына» қайырымдылық жобасын өткізді. Жобаның мақсаты мұқтаж отбасылардың бастауыш сынып оқушыларын оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Мектебімізден 10 оқушы ұсынылып, аталған қордың сыйлығын алып қайтты. 

2023-2024 оқу жылы. Қыркүйек айында әлеуметтік педагог А.Тазабекова ата-аналар демеушілігімен «Отбасым-менің қуатым» қайырымдылық акциясын өткізді. Аз қамтылған отбасы балаларына сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, мектеп ұстаздары мен ата-аналардың демеушілігімен «Жақсылық жаса» ұранымен қайырымдылық акциясы өткізілді.


https://www.facebook.com/share/p/y5JHMtwaVqVDRXz2/?mibextid=xfxF2i

Әлеуметтік педагог Н.Буксикбаева   педагог-психолог С.Қаратаевамен бірлесіп «МЕЙІРІМДІЛІК-ЖҮРЕКТЕН, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БІЛЕКТЕН» атты акциясын өткізді.

https://www.facebook.com/share/p/wtCsutE6pSjF5ofB/?mibextid=xfxF2i

2023-2024 оқу жылының I-жарты жылдығында мектебімізде жалпы 1501 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып аралығындағы 851 оқушы №1524 әкім қаулысы негізінде тамақтанса, ал 1-11 сынып аралығындағы 650 оқушы 64 қаулы бойынша ыстық тамақпен қамтылды. ІІ-жартыжылдықта 1484 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Тегін ыстық тамаққа өтінім берген ата-аналардың құжаттары толығымен жиналған.

№64 қаулыға сәйкес тегін ыстық   тамақ  ішуге  құқығы   бар  отбасының балалары, оның ішінде:

2023-2024 оқу жылы. 25-қазан Республика күніне орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастырумен өткен Этнос өкілдерінің балалары арасында қазақ тілін ілгерілетуге арналған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасына қатысып жеңімпаз атанған мектебіміздің 6ж сынып оқушысы Гафуров Имран диплом мен бағалы сыйлыққа ие болып, жетекшісі әлеуметтік педагог А.Тазабекова алғыс хатпен марапатталды.

https://www.facebook.com/share/p/Torc48uT9NaZ97kd/?mibextid=xfxF2i

«ҰРПАҚҚА АМАНАТ» жобасы аясында әр баланың отбасын қадірлеу, сыйлау, ата-ана алдындағы борышын сезіну және отбасы құндылықтарының маңызын айқындау мақсатында 5а сыныбында «Отбасым-менің тірегім!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.


Отбасы күніне орай, оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында "Отбасым-менің қуатым" атты қайырымдылық акциясын өткізді. Мерекеге орай оқушыларға демеушілер тарапынан сыйлықтар берілді.

Отбасым - менің жүрегім

Отбасым - менің тірегім

Отбасым – менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей ОТБАСЫ болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.

https://www.facebook.com/share/p/y5JHMtwaVqVDRXz2/?mibextid=xfxF2i


Жыл сайын әр өңірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты жаңажылдық шырша мерекесіне мектебемізден 3 оқушы қатыстырылды. Оқушыларға Президентіміздің атынан құттықтау хат, кітап, тәттілер және 100 000 теңге қаржылай сыйлық берілді.

Білім басқармасы ұйымдастырған ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты жаңажылдық шырша мерекесіне мектебемізден 1 оқушы қатыстырылып, сыйлық алды.

Тұран ауданы әкімінің «Жаңа Жылдық шырша-2024» мерекелік іс-шарасына мектебімізден 5 оқушы қатыстырылып, мерекелік қойылым көріп, сыйлық алып қайтты.


ПСИХОЛОГИЯ ОНКҮНДІГІ аясында әлеуметтік педагог А.Тазабекова 5е сынып оқушыларымен бірге «ИГІ ІСТЕР ГИРЛЯНДАСЫ» акциясы аясында «ИГІЛІКТІ ІСТЕР» тақырыбында ашық сабақ өткізді.


https://www.facebook.com/share/p/FvhpcNz4ZN3W57fW/?mibextid=xfxF2i

Әлеуметтік педагог А.Тазабекова және Н.Буксикбаева 9 сынып оқушыларымен бірге «ТІЛЕКТЕР  ҚОБДИШАСЫ» акциясын өткізді.

https://www.facebook.com/share/v/jE4nEd7hF5crxVUJ/?mibextid=xfxF2i

Әлеуметтік педагог А.Тазабекова және Н.Буксикбаева  «Әке, ана және мен - бақытты мекен»   фотогалереясын ұйымдастырды.

https://www.facebook.com/share/v/41aUd7woJrJZB78B/?mibextid=xfxF2i

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік педагог А.Тазабекова 8г сынып оқушыларымен бірлесіп тақырып аясында бейнеролик жасап, осы акция шеңберінде мектебіміздің ата-аналарының демеушілігімен оқушыларға мектепке арналған сөмкелер, аяқ-киім, киім-кешектер берілді. 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0KMZmUyrhwAddU4T6fYNQTir8YaXFaeYnC4LvsKEjLLa26csYBEybegARHHst29m9l&id=100063756009455&mibextid=Nif5oz

2023-2024 оқу жылында сынып жетекшілер тарапынан келіп түскен дабыл бойынша сабақтан себепсіз қалатын, сыныпта оқушылармен сөзге келіп, ұстаздарды тыңдамайтын оқушылардың үйіне барып ата-анасымен сөйлесіп, тұрмыстық жағдайын зерделеу актілері толтырылды.


Тұран ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен мектебіміздің әлеуметтік педагогы А.Тазабекова  ерекше білімді қажет ететін оқушылар мен олардың ата-аналарын Мега ойын-сауық орталығының кинотеатрында өтіп жатқан «Жездуха» фильміне апарып қайтты. 

https://www.facebook.com/share/v/sWHsuKZsSPeH18Ac/?mibextid=qi2Omg


НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ аясында 8г сынып оқушыларымен                                    15 наурыз - Қайырымдылық күніне орай мектебіміздің көп балалы отбасын Наурыз мерекесімен құттықтап қайттық. Мақсаты: оқушыларды айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап, мейірімді қатынас жасай алуы және жақсылықты түсіне білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа, қайырымдылыққа, қамқоршы бола білуге тәрбиелеу.


https://www.facebook.com/share/GPD5BfD7X44g2EGQ/?mibextid=xfxF2i

Шымкент қаласын білім басқармасының «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қосымша білім беру оқу салалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес тәрбие мен психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыруда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы мен сынып жетекшілеріне арналған шебер-сынып алаңы өткізілді. Шебер-сынып алаңында әр маманның тәжірибелік құндылығы, инновациялылығы, жаңашылдығы, идеялары және мазмұнының ерекшеліктері, тақырыпты ашудағы пікір құндылығы, ойдың логикалық сабақтастығы, қорытынды пікірдің болуы, аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі қаралды.Аталған іс-шараға мектебіміздің әлеуметтік педагогы А.Тазабекова қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды.

https://www.facebook.com/share/p/tMJeZTPCwYmYFG4h/?mibextid=oFDknk

Әлеуметтік педагог А.Тазабекова 8г сынып оқушыларымен бірге 1 Сәуір - Күлкі күніне орай ұстаздар мен оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мақсаты: айналадағы адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мейірімділікке тәрбиелеу. 

https://www.facebook.com/share/v/1qY6YZpMyC1BWTFw/?mibextid=oFDknk

Рамазан айында мектебіміздің ұстаздарының демеушілігімен жиналған қаржы тұл жетім, жартылай жетім және аз қамтылған отбасы балаларының ата-аналары мен заңды өкілдеріне     20 000 теңгеден берілді.

Игі істер акциясы аясында әлеуметтік педагог А.Тазабекова мектебіміздің оқушыларымен бірге «Кең Баба» (10 бала) және «Қиял Әлемі» (18 бала) саябақтарына серуендеп қайтты. Мақсаты: балаларға қуаныш сыйлау, дос бола білуге, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Демеушілік жасаған: Кең баба және Қиял әлемі саябақтарының басшылары. 

https://www.facebook.com/share/p/YRiLt4YcZxtw5VZf/?mibextid=xfxF2i

2024 жылдың жазғы демалысына аз қамтылған отбасы балаларына арналған қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне 115 жолдама бөлінді. Оның ішінде, «Ақсу» мемлекеттік жазғы сауықтыру лагеріне – 21 балаға, қала сыртындағы жекеменшік жазғы сауықтыру лагеріне – 94 балаға жолдама берілді.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив