Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам
22
декабрь
2025

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

 Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» алдын алу шарасы Шымкент қалалық білім баскармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы Nº50 мектеп-гимназиясында Оқушылардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саналы интернет қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында сынып сағаттары аясында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты алдын алу шарасы өткізілді. Іс-шара барысында ақпараттық қауіпсіздік, кибермәдениет, кибергигиена және медиа сауаттылықты дамытуға ерекше назар аударылды. Оқушыларға интернеттегі қауіп-қатерлер, жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен пайдалану және онлайн ортада мәдени қарым-қатынас жасау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар тиісті мүдделі мемлекеттік орган мамандарымен бірлесіп кездесулер мен пікірталастар ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап алды. Аталған алдын алу шарасы оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, киберқауіптерден сақтануына және қауіпсіз онлайн орта қалыптастыруға бағытталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив