17
декабрь
2025
А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында шахмат сабағы өтті

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында шахмат сабағы өтті Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында оқушыларға арналған шахмат сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар шахмат ойынының ережелерін, тактикалық тәсілдерін және ойлау қабілетін дамытуға арналған әдістерді меңгерді. Іс-шараны тәжірибелі шахмат бапкері Н.Сейдімхан жүргізіп, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Сабақ соңында қатысушылар бір-бірімен ойнап, өз білімдерін практика жүзінде сынап көрді. Шараның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, шыдамдылық пен стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.