26
ноябрь
2025
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында форум өтті

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында форум өтті А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 7 қарашасында оқушылар арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру форумы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, АИТВ/ЖИТС індетінің алдын алу жолдары туралы түсінігін кеңейту және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Форумға Қоғамдық денсаулық сақтау институтының және ЖИТС орталығының мамандары қатысты: 🔹 Молдабаева Айжан Мәдіханқызы – Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы; 🔹 Абдиева Фатима Тыныштихбаевна – ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері; 🔹 Жуманова Динара Мейрамбекқызы – Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы; 🔹 Баймурунова Раушан Асановна – Психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері. Сонымен қатар, форумға мектептің белсенді оқушысы Тұрар Нұрай қатысып, «Білімді жастар – АИТВ-ның алдын алудағы сенімді қорған» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Форум барысында оқушылар зиянды әдеттер туралы қойылым қойып, денсаулықты нығайту мақсатында флешмоб билеп, патриоттық ән шырқады. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды. 🧠 Денсаулық – басты байлық!