11
май
2023
ЛАЙЫҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙІК
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ", "ЛАЙЫҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙІК" тақырыбында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы мамандармен кездесу өтті. Кездесуде:
-Шымкент қаласы, Тұран ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Р.Досан
- Шымкент қаласы психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Р.А.Баймурунова
- Шымкент қаласы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ теолог маманы С.Бекеуловтің қатысуымен 9-11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Кездесуде тақырыпқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кеш соңында оқушыларымыз, қонақтарға сұрақтар қойып, сұрақтарға тиісті жауаптар алды. Оқушылар кездесуден маңызды мағлұматтар алды.