Білімім — Отаныма » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білімім — Отаныма
02
июнь
2025

Білімім — Отаныма

 Білімім — Отаныма
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында 21 мамыр күні мектеп директоры Сарсенбаева Жанар Пернеханқызы сынып жетекшілермен жиналыс өткізіп, оқу жылының қорытындысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Соңғы оқу күні: 23 мамыр • Барлық сыныптарда «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. • 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп ауласында ұйымдастырылады, кейін сынып сағатымен жалғасады. ⚠️ Қатаң тыйым салынған әрекеттер: • Оқушылардан, ата-аналардан, педагогтерден ақша жинау; • Заңды өкілсіз табиғат аясында демалу немесе белгіленбеген су айдындарында шомылу; • Қала ішінде, сыртында автокөлікпен кортеж ұйымдастыру; • Жалға алынған коттедждерде, қаладан тыс демалыс орындарында іс-шаралар өткізу; • Мейрамхана, кафе, түнгі клубтарда және басқа да ойын-сауық орындарында мереке ұйымдастыру; 🎓 Мектеп бітіру салтанаты: Білім алушылардың мектеп бітіру салтанатты жиыны мектеп қабырғасында, бекітілген ресми сценарийге сай ұйымдастырылады. 📢 Жауапкершілік: Жоғарыда аталған тәртіпті сақтау, ата-аналармен бірлесіп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін сақтау 11 сынып жетекшілеріне жүктелді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив