ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
02
июнь
2025

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында мектеп бітіруші түлектерге жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Сарсенбаева Жанар Пернеханқызы сөз алып, Шымкент қаласының Білім басқармасы тарапынан 2025 жылғы 06 мамыр күні жолданған №265н/қ шығыс хатына сәйкес, 2024-2025 жылғы 23 мамыр болып белгіленгендігін, оқу жылының аяқталуы бойынша 11 сынып түлектері үшін салтанатты іс-шара 23 мамыр күні өткізілетіндігін айтып өтті. Келесі сөзді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары У.Куралбаева алып, салтанатты жиынның өткізілу мазмұны мен бағыттары жайында толық ақпарат берді. Сонымен қатар, аттестат тапсыру салтанаты 2025 жылғы 18 маусым күні өткізілетіндігі туралы хабарлады. Жиын барысында мектеп әкімшілігі тарапынан ата-аналар мен оқушыларға, ұстаздарға сыйлықтар алуға, қаражат жинауға қатаң тыйым салынатындығы, сондай-ақ, салтанатты іс-шаралар кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте кезекшілік ұйымдастырылатыны туралы айтылды. Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп бітіруші түлектерге арналған мерекелік іс-шарасынан кейін және аттестат табыстау іс-шарасын мейрамханаларда, түрлі ойын-сауық орталықтарында, табиғат аясында өткізуге, ата-аналардан қаражат жинауға, аниматорлар, агенттіктер мен жеке студиялар қызметін тартуға, көлік жалдап, шерулер ұйымдастыруға қатаң тыйым салынатындығы туралы айтылды. Жиналыста мектеп бітіруші түлектерге барлық қажетті ақпараттар түсіндіріліп, түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив