БІРТҰТАС ТӘРБИЕ » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
21
апрель
2025

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ

 БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ 📚🇰🇿 2025 жылдың 14 сәуір күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 2024–2025 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы аясында «Буллингтен қорған!» және «Абайлаңыз, ашық терезе!» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара мақсаты — оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, буллингтің алдын алу, өмір қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсінік беру және отбасы, мектеп, қоғам арасындағы тәрбиелік байланысты нығайту. ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ (10 минут): Сынып сағаттары жас ерекшеліктеріне сәйкес төмендегідей тақырыптарда өтті: 1-сыныптар: «Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу» 2-сыныптар: «Үйдегі ойын: қауіпсіздік шараларын сақтау» 3-сыныптар: «Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар» 4-сыныптар: «Үйдегі ойындар: қауіпсіздік шараларын сақтаймыз» 5-сыныптар: «Денсаулықты сақтайтын әдеттер» 6-сыныптар: «Халықаралық көмек көрсету белгілері» 7-сыныптар: «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады?» 8-сыныптар: «Күмәнді жағдайда салауатты және қауіпсіз өмірге апаратын жол» 9-сыныптар: «Жасөспірім және еңбек қатынастары» Бұл тәрбие сағаттары оқушылардың өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруіне, жауапкершілік пен саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив