"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
17
апрель
2025

"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

 "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ 📚🇰🇿 2025 жылдың 14 сәуір күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 2024–2025 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы аясында «Буллингтен қорған!» және «Абайлаңыз, ашық терезе!» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара мақсаты — оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, буллингтің алдын алу, өмір қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсінік беру және отбасы, мектеп, қоғам арасындағы тәрбиелік байланысты нығайту. ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ (10 минут): Сынып сағаттары жас ерекшеліктеріне сәйкес төмендегідей тақырыптарда өтті: 1-сыныптар: «Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу» 2-сыныптар: «Үйдегі ойын: қауіпсіздік шараларын сақтау» 3-сыныптар: «Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар» 4-сыныптар: «Үйдегі ойындар: қауіпсіздік шараларын сақтаймыз» 5-сыныптар: «Денсаулықты сақтайтын әдеттер» 6-сыныптар: «Халықаралық көмек көрсету белгілері» 7-сыныптар: «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады?» 8-сыныптар: «Күмәнді жағдайда салауатты және қауіпсіз өмірге апаратын жол» 9-сыныптар: «Жасөспірім және еңбек қатынастары» Бұл тәрбие сағаттары оқушылардың өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруіне, жауапкершілік пен саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив