21
апрель
2025
Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар! Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қала аумағында орналасқан кинорумдарда түнгі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің топтанып жүру фактілері жиілеп кеткені анықталды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың артуына, сонымен қатар қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелуде. Бұл – балалардың қауіпсіздігіне, тәрбиесіне және болашағына тікелей қауіп төндіретін алаңдатарлық мәселе. Осыған байланысты, ата-аналардан өз балаларының түнгі уақытта беймезгіл жерлерде, әсіресе ойын-сауық нысандары мен кинорумдарда болуына жол бермеуді, олардың жүріс-тұрысына қатаң бақылау жасауды сұраймыз. Шымкент қаласы Полиция департаменті қала аумағындағы кинорумдарға қатысты келесідей ақпаратты назарларыңызға жеткізеді: Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кинорумдарға тек ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруімен ғана баруына рұқсат етіледі. Бұл – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң талаптарына сай жүзеге асырылады. СОНЫМЕН ҚАТАР ҚАЛА АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН КИНОРУМДАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫН ҰСЫНАМЫЗ! Балаларыңыздың амандығы – сіздердің тікелей бақылауларыңызда. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараңыз!