11
апрель
2025
https://www.facebook.com/share/v/1BobkHeHSX/
Мектеп аттестациясы 2024-2025 жж.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы 50 мектеп-гимназиясының 7-сынып мұғалімдері қалалық отбасылық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, "ҚР рәміздері ұлттық мақтаныш" тақырыбында іс-шара өткізді. Кітапханашы Х.А.Аймаханова ҚР рәміздері, олардың еліміздің әр азаматының өміріндегі маңызы туралы айтып берді. Оқушылар Әнұран туралы ақпаратпен бөлісіп, оны салтанатты түрде орындады. Дөңгелек үстел аясында әр оқушының пікірі құнды болды. Кітапханашы Аймаханова балалардың назарына Отанымыздың рәміздеріне ұқыпты қарау - өскелең ұрпақты тәрбиелеудің міндетті элементі болуы тиіс екенін жеткізді. Елдің туы, әнұраны және елтаңбасына деген құрметсіз қарым-қатынас үшін айыппұлдар енгізілгендігі айтылды. Дөңгелек үстел сәтті аяқталды. Балалар рухтанып, шабыттанып қайтты.