03
апрель
2025
Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты
Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында жоспарға сай, «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Аталған шараның мақсаты- оқушылардың бойына адмгершілік құндылықтарды дарыта отырып, ибалы қыз бен намысты, арлы ұл тәрбиелеу. Қазіргі заман талабы - қыз бала мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етіп тұрғаны белгілі. Осыған орай мектеп оқушыларын керексіз іс-әрекет пен жаман мінез - құлықтан сақтандыра тәрбиелеп, білім беру әрбір ұстазға, ата-анаға қойылатын басты талап екені даусыз. Ашық тәрбие сағаты барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрі жөнінде қосымша мағлұмат ала отырып, әрбір ұрпақты ақ жолға бастайтын жөн-жоралғыларды көкейлеріне түйіп, саналарын имандылықпен суарды. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейтінімізді, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтінімізді жадымызда ұстауымыз керек!