03
апрель
2025
17 наурыз-Шаңырақ күні
17 наурыз-Шаңырақ күні
17 наурыз-Шаңырақ күні 🛖 Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар. Әрбір шаңырақта қазыналы қарттарынан тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алып бойына сіңіріп өскен жас жеткіншек-ұрпақтар — қазақи құндылықты біліп, ақ пен қараны айырып, адамгершілік, рухани азық жинап өседі. ⚖️“Тәрбие - тал бесіктен”-деген ата-бабамыз! “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші. Әрбір жанұя әрбір игі істе жұмылған жұдырықтай бірге болса, алмайтын қамал, бағындырмайтын белес болмайды! 💛“ШАҢЫРАҚ күні” құтты болсын!💛