16
ноябрь
2026
АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУДЫҢ НЕГІЗІ
« АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУДЫҢ НЕГІЗІ
АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУДЫҢ НЕГІЗІ Конституция азаматтарды мемлекет өмірінің сырттай бақылаушысы емес, ел басқару үдерісінің тікелей қатысушысы ретінде айқындайды. Халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болғандықтан, әр азамат сайлау, референдум, мемлекеттік органдарға өтініш жолдау және қоғамдық бастамалар арқылы ел дамуына үлес қоса алады. Азаматтық белсенділік тек сайлау науқандарымен шектелмейді. Ол жергілікті мәселелерді талқылаудан, қоғамдық тыңдауларға қатысудан, ұсыныс білдіруден және тұрғындардың ортақ бастамаларын қолдаудан көрінеді. Бұл ретте мәслихаттардың қызметі маңызды. Олар халықтың мүддесін білдіріп, аумақтың даму бағдарламалары мен жергілікті бюджет мәселелеріне қатысады. Шымкентте де тұрғындардың қала өміріне араласуы, өз ұсыныстарын білдіруі және қоғамдық мәселелерді талқылауға қатысуы жергілікті дамудың маңызды бөлігі. Азаматтардың өтініштері мен бастамалары аумақтың өзекті қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал Қазақстан Халық Кеңесі халық мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Менің пайымдауымша, мемлекет дамуы азаматтардың белсенді ұстанымымен де тығыз байланысты. Әр тұрғын өз ортасындағы мәселелерге бейжай қарамай, қоғамдық диалогқа қатысып, ұсынысын білдірген кезде азаматтық жауапкершілік қалыптасады. Мемлекетті басқаруға қатысу әр адамның өз ауласынан, көшесінен және қаласының өміріне араласуынан басталады.