Конституция күші » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конституция күші
04
октябрь
2026

Конституция күші

 Конституция күші
Құрметті отандастар! Бүгін жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған тарихи қадам. Жаңа Ата Заңда мемлекеттік басқару құрылымы жетілдіріліп, Вице-Президент институты енгізіледі. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай құрылып, оның депутаттары партиялық тізімдер бойынша сайланады. Сонымен қатар заңнамалық бастамалар көтеріп, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Халық кеңесі жұмыс істейтін болады. Конституциялық реформалар аясында адвокатура мен омбудсмен институттарының мәртебесі күшейтіліп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері одан әрі жетілдіріледі. Бұл өзгерістер әділетті қоғам құруға, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етеді. Жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуі құтты болсын! Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив