16
ноябрь
2026
«Менің құқықтарым мен міндеттерім»
« «Менің құқықтарым мен міндеттерім»
«Менің құқықтарым мен міндеттерім» Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы күніне арналған зияткерлік апталық аясында «Азаматтық ұстаным – елдік жауапкершілік» бағыты бойынша «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында құқықтық сауаттылық сағаттары өткізілді. 🎯 Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңға құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікке және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. 📚 Құқықтық сауаттылық сағаттары барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі, құқық пен міндеттің өзара байланысы туралы ой бөлісті. ✨ Өз құқығын білетін, міндетін орындайтын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің берік тірегі. Құқығыңды біл, міндетіңді орында, еліңнің жауапты азаматы бол!