«Республика күні – елдігімнің бастауы» » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Республика күні – елдігімнің бастауы»
16
ноябрь
2026

«Республика күні – елдігімнің бастауы»

 « «Республика күні – елдігімнің бастауы»
«Республика күні – елдігімнің бастауы» Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы күніне арналған зияткерлік апталық аясында «Тарихтан тағылым – болашаққа бағдар» бағыты бойынша «Республика күні – елдігімнің бастауы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихын таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның тарихы, мемлекеттіліктің қалыптасуы, ел тәуелсіздігінің маңызы мен жетістіктері туралы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар танымдық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Тағылымды сынып сағаттары оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, туған елге деген құрметін арттыруға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды. 🇰🇿 Республика күні – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры! Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив