Дублер күні – жауапкершілік пен көшбасшылыққа бастар қадам! » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дублер күні – жауапкершілік пен көшбасшылыққа бастар қадам!
16
ноябрь
2026

Дублер күні – жауапкершілік пен көшбасшылыққа бастар қадам!

 Дублер күні – жауапкершілік пен көшбасшылыққа бастар қадам!
Дублер күні – жауапкершілік пен көшбасшылыққа бастар қадам! «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектебімізде оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған Дублер күні өткізілді. 🎯 Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың бойында жауапкершілік, еңбекқорлық, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерді қалыптастыру, ұстаз еңбегін бағалауға үйрету, өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту, мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына мүмкіндік беру. 📚 Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары бір күнге мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың рөлін атқарып, білім алушыларға сабақ жүргізіп, оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатысты. Оқушылар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, білім мен біліктерін іс жүзінде көрсете білді. ✨ Дублер күні барысында оқушылар мұғалім мамандығының қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін сезініп, ұстаз еңбегінің қадірін түсінді. Сонымен қатар өздерінің көшбасшылық, қарым-қатынас жасау және ұйымдастырушылық қабілеттерін сынап көрді. 💐 Іс-шара оқушылар үшін үлкен тәжірибе мен жақсы мүмкіндік болды. Белсенділік танытып, жауапкершілікпен атсалысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Еңбекке құрмет – елге құрмет! Жауапты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив