ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
04
октябрь
2026

ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
«ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» ⚖️ Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында оқушылар арасында интеллектуалды дебат өтті. 🎤 Дебат барысында: * Оқушылар «Заң үстемдігі» мен құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы маңызын жан-жақты талқылады; * «Заңды білу – әрбір азаматтың міндеті ме, әлде құқығы ма?» деген сұрақтар төңірегінде өз дәлелдері мен сұраныстарын ортаға салды; * Әділдік, жауапкершілік және адалдық қағидаттарын сақтау бойынша пікір таластырып, өзекті мәселелерді саралады. 🎯 Шараның мақсаты: Оқушылардың бойында жоғары құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сыни ойлау мен шешендік өнерді дамыту, сондай-ақ заңды құрметтейтін «Адал азамат» қалыптастыру. Заң мен тәртіп сақталған жерде – тұрақтылық пен даму бар!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив