Уақыттың бос өткені» тақырыбында ашық сабақ өтті. » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Уақыттың бос өткені» тақырыбында ашық сабақ өтті.
04
октябрь
2026

Уақыттың бос өткені» тақырыбында ашық сабақ өтті.

 Уақыттың бос өткені» тақырыбында ашық сабақ өтті.
23 қыркүйек күні А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының 7 «З» сыныбында пәндік апталық жоспарына сәйкес «Уақыттың бос өткені» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Сулейменова өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға уақытты тиімді пайдалану туралы түсінік қалыптастыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтау, ақпаратты талдау және өз ойын жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар оқушыларды уақытты бағалауға, жоспарлы әрі жауапты болуға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты ой қозғау жұмыстарын жүргізіп, мәтінмен жұмыс жасады; мәтіннің негізгі ойын анықтап, маңызды ақпараттарды ажыратты; сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды; жұптық және жеке тапсырмалар орындап, уақытты тиімді пайдалану жолдарын талқылады; алған білімдерін қорытындылап, сабақ бойынша кері байланыс жасады. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, уақыттың адам өміріндегі маңызы туралы ойларын ортаға салды. Тақырыпты өмірлік жағдаяттармен байланыстыра отырып, уақытты дұрыс жоспарлау және әр сәтті тиімді пайдалану қажеттігін түсінді. Ашық сабақ оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдірумен қатар, уақытты бағалай білуге және жауапкершілікпен әрекет етуге бағытталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив