04
октябрь
2026
Қарағанды – кеншілер қаласы
Қарағанды – кеншілер қаласы
24 қыркүйек күні А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының 10 «Ж» сыныбында қазақ тілі пәнінен пәндік апталық жоспарына сәйкес «Қарағанды – кеншілер қаласы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Сатбергенова өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қарағанды қаласының тарихы, көмір өндірісі және кеншілер еңбегі туралы мәлімет беру; мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтау; оқушылардың оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын дамыту; өз ойын еркін жеткізіп, пікірін дәлелдеуге үйрету. Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, мәтінмен жұмыс жасады; мәтіннен негізгі ақпаратты анықтап, маңызды деректерді іріктеді; жұптық және жеке тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды; Қарағандының кеншілер қаласы ретіндегі ерекшеліктері туралы пікір алмасты; алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекітіп, сабақ соңында қорытынды жасады. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, білімді өмірмен байланыстыруға мән берілді. #ҚазақТіліМенӘдебиеті