04
октябрь
2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР! А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназия КММ білім алушыларының мектеп формасын сақтау және сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды орындау қажеттігін назарларыңызға жеткізеді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, білім алушылардың мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сай, классикалық үлгіде болуы және білім беру ұйымында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. 🔹 Мектеп формасына қойылатын негізгі талаптар: - мектеп формасы таза, ұқыпты және классикалық үлгіде болуы; - сабаққа мектеп формасымен қатысу; - спорттық киімді дене шынықтыру сабақтарында пайдалану; - мектеп формасына әртүрлі сәндік өзгерістер енгізбеу; - киім үлгісінде жинақылық пен іскерлік стильді сақтау. 🔹 Оқушының сыртқы келбетіне қойылатын талаптар: - шаш үлгісі таза әрі жинақы болуы; - мектеп ортасына сай ұқыпты сыртқы келбет сақтау; - шамадан тыс сәндік бұйымдар мен көзге түсетін әшекейлерден бас тарту. Құрметті ата-аналар! Баланың мектеп тәртібін сақтауы мен ұқыпты жүруі – оның жауапкершілігін, тәртіп мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Осы бағытта мектеп пен ата-ана бірлесе жұмыс істегенде ғана нәтижелі тәрбие қалыптасады. Тәртіп – тәрбиенің бастауы, ұқыптылық – мәдениеттіліктің белгісі. Балаларымыздың мектеп ережелерін сақтауына бірге атсалысайық! 🏫 А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназия КММ әкімшілігі