ХАБАРЛАНДЫРУ » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2026

ХАБАРЛАНДЫРУ

 ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті ата-аналар! Шымкент қаласының білім басқармасының 2026 жылғы 29 шілдедегі №10-07-07/5280 хатына сәйкес, оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға арналған бір реттік қаржылай көмекке құжат қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. 🖥️ Құжаттар тек онлайн түрде «Qosymsha» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. 🔹 Құжаттарды тапсыру: https://qs.qarqynshym.kz/ru/?s=1 Қаржылай көмек төмендегі санаттағы білім алушыларға көрсетіледі: ✅ Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) алатын отбасылардың балалары; ✅ Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары (санат ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде тексеріледі); ✅ Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар; ✅ Төтенше жағдайлардың (өрт, су тасқыны және т.б.) салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары; ✅ Білім беру ұйымының алқалы органы айқындаған өмірлік қиын жағдайға тап болған өзге де санаттағы балалар (№192 бұйрыққа сәйкес). 📌 Назар аударыңыз! • Барлық ұсынылған мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі. Сондықтан жалған құжат ұсынуға жол берілмейді. • Қаржылай көмек тағайындалғаннан кейін мектепке қажетті заттарды сатып алғаныңызды растайтын түбіртек (чек) міндетті түрде тапсырылады. • ҚР ЕХӘҚМ сервисі арқылы санаты расталған азаматтарға ғана бір реттік қаржылай көмек тағайындалады. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда 87757760711 мектеп басшысы Сарсенбаева Жанар Пернеханқызы, 8702790783 әлеуметтік педагог Еспаев Асхат Асылханұлы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив