ХАБАРЛАНДЫРУ » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2026

ХАБАРЛАНДЫРУ

 ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібіне» сәйкес мектепте қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Егер Сіз білім беру саласының дамуына өз үлесіңізді қосуға, мектеп өміріне белсенді араласуға және жас ұрпақтың жарқын болашағына қолдау көрсетуге ниетті болсаңыз, Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидат ретінде құжаттарыңызды тапсыруға шақырамыз. Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың құжаттары 2026 жылғы 24 тамызға дейін қабылданады. Кандидаттар төмендегі құжаттарды ұсынады: · өтінім (еркін түрде); · жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; · қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме; · білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса); · Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар7 Назар аударыңыз! Қамқоршылық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының талаптарына сәйкес қалыптастырылады. Кандидаттар ұсынған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан комиссиямен қаралып, бағаланады және қарау нәтижелері бойынша қамқоршылық кеңестің құрамы бекітіледі. Қамқоршылық кеңес – мектептің дамуына, білім сапасын арттыруға, ата-ана, қоғам және мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық орган. Белсенді, жауапты әрі жанашыр азаматтарды мектебіміздің дамуына бірге үлес қосуға шақырамыз! #қамқоршылық_кеңес #шымкент_білім_басқармасы Показать меньше
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив