04
октябрь
2026
педагогикалық кеңес өткізілді.
педагогикалық кеңес өткізілді.
А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 2026 жылдың 26 мамыр күні директор жанындағы кеңес және педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында оқу жылының қорытындылары, білім сапасы мен оқушылар үлгерімі, мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ға дайындық, электронды журналдардың жүргізілуі, инклюзивті білім беру, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар жаңа оқу жылын жоспарлау, мектептің жөндеу жұмыстарына дайындық барысы және пәндер бойынша әкімшілік бақылау нәтижелері талқыланып, жауапты мамандардың есептері тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша нақты міндеттер мен тапсырмалар белгіленді. Кеңес соңында ұжымда ерекше қуанышты сәт орын алып, 50 жас мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді. Сондай-ақ саналы ғұмырын білім саласына арнаған ардақты ұстаздарды зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Ұстаздарға еңбектеріне алғыс білдіріліп, зор денсаулық, отбасылық бақыт пен шығармашылық табыс тілейміз!