Үздік пост » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2024

Үздік пост

 Үздік пост.
🇰🇿 Үздік пост 🇰🇿 Тәуелсіздік-әр мемелекет үшін ең биік,қастерлі қазына десем де болады.Әр мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін құлпырап,жайна шығады деп ойлаймын.Біздің ұрпаққа мұра болып қалатын бабаларымыздың арманын сақтау біз үшін-парыз.Ал мемлекеттік рәміздер-сол тәуелсіздік алған Мемлекеттің жеке құндылығы мен егемендігінің,елдіктің айқын дәлелі.Мемлекеттік рәміздер мемлекеттік Елтаңба,Ту және Әнұран болып табылады.Кезінде ата-бабаларымыз тәрбие тал бесіктен деп айтқандай,егер біз болашақ,жас ұрпаққа Мемлекетті аманат еткіміз келсе,ең алдымен өзіміз сол қазына мен байлықты сақтап,насихаттай білуіміз керек деп ойлаймын.Сонымен қатар,мемлекеттік рәміздер-әр елдің тәуелсіздікке қарай ұмтылып,өз мақсатына жеткендігін білдіретін жетістік әрі құндылық.Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік рәмізді ресми қолдану тәртібі туралы,оны қастерлеуді парыз етілетіні туралы заң қабылданған.Менің ойымша,мемлекет бұл арқылы әр азаматтың отансүйгіштік,патриоттық сезімін оятуды көздеді.Егер маған бір сөйлеммен мемлекеттік рәміз туралы айтып беруімді сұраса,ойланбастан”Мемлекеттік рәміздер-біздің кең байтақ жерімізге деген сүйіспеншілік,әр қазақта қалыптасқан рухани дух пен тәуелсіздікке деген үлкен құлшынысымызды бейнелейтін,айқындайтын қазына.”-деп айтар едім Қорытындылай келе,мемлекеттік рәміздер болашақ ұрпаққа аманат,ол аманатты өзіміз де қадірлеп,қастерлегеніміз жөн. 10 в сынып
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив