«Рәміздер-патриоттық тәрбиенің бастауы» тақырыбында бастауыш сынып
А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда мектеп парламентінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Рәміздер-патриоттық тәрбиенің бастауы» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; Оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыру, туған елінің тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту; Сурет көрмесіне сапалы, әдемі түстермен боялған, мемлекеттік нышандармен өрнектелген шығармашылық жұмыстар ілінді!