12
сентябрь
2025
Біз бәріміз балалық шақтанбыз
Біз бәріміз балалық шақтанбыз
«Біз бәріміз балалық шақтанбыз»* Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 2-11 сынып оқушылары арасында Отбасы күніне орай, «Біз бәріміз балалық шақтанбыз» атты отбасылық фотосуреттерден бейнебаян жасау іс-шарасы ұйымдастырылды. 👨👩👧 Бұл іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланыс пен жылы естеліктерді насихаттау. ✨ Байқау барысында әр отбасы балалық шақтың ең жарқын сәттерін бейнелейтін фотосуреттерін ұсынып, жылы лебіздер мен естеліктермен бөлісті. 💞 Фотосуреттер арқылы балалар мен ата-аналар арасындағы махаббат, мейірім, сыйластық ерекше сезілді. 🔹 Отбасы – әр баланың алғашқы мектебі, ал балалық шақ – ең қымбат кезең. 🔹 Осындай шаралар оқушылардың бойында отбасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттырады.