05
май
2023
Мейірімділікті өзіңнен баста!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананы құрметтеп, сыйлай білуге тәрбиелеу, балаларға мейірімділіктің адам бойындағы ең қымбат асыл қазынасы екенін ұғындыру, оқушылардың бір-біріне деген достығын, қамқорлығын нығайту мақсатында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Мейірімділікті өзіңнен баста!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.