13
апрель
2023
Математика – ғылымдар патшасы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігінің он күндігі аясында, 12.04.2023ж күні үйірме жетекшісі М.Сейтжанованың ұйымдастыруымен 3 сыныптар арасында «Математика – ғылымдар патшасы» атты зияткерлік білім сайысы өткізілді. Бұл сайысқа «Архимед» және «Пифогор» тобы қатысты. Оқушыларға жас ерекшеліктері мен ойлау дағдыларын ескере отырып логикалық, қызықты сұрақтар берілді. Қатысқан оқушылар мадақтау қағазымен марапатталды.