11
сентябрь
2023
Ата-аналар жиналысы
Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру мақсатында 1-11 сыныптар арасында АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.
Күн тәртібінде:
- Мектептің 2023-2024 оқу жылына ата-аналар комитет мүшелерін сайлау;
- Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру;
- Жолда жүру ережесі, оқушылардың өмірі мен жол қауіпсіздігін сақтау туралы;
- Оқушылардың бос уақытын үйірмелермен тиімді ұйымдастыру.