31
март
2023
Менің сүйікті кітабым
Отбасылық кітапханада 24-30 наурыз Халықаралық балалар кітабы апталығына орай "Менің сүйікті кітабым" атты әдеби лото №50 мектеп-гимназиясының 6"в" сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Кітап адам баласының ақыл ойынан туындаған бар байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын білім мен тәрбие құралы. Адам кітап оқу арқылы өзін білімді мейірімді, төзімді, ұстамды, кішіпейіл болуға және жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Шара барысында кітапханашы балалармен танымдық ойындар жүргізді. Қапшыққа салынған түрлі-түсті асықтардан асық таңдап алып, түсіне қарай билетте жасырылған "Мақал-мәтелдер жалғасы" бойынша мақал-мәтелдердің жалғасын айтты. "Кім жылдам" айдары бойынша сұрақтарға жауап берді. "Кітап бетінен" Абай Құнанбаевтың "Қыс", Ж.Жабаев "Өсиет", М.Жамабалинов "Бүркіт", А.Естенов "Есім хан", Ғ.Жандыбаев "Қарыз" өлеңдерін оқу.Оқушылар өз белсенділіктерін, білетіндіктерін көрсете білді. "Кітап - рухани жңғыру құралы" атты кітап көрмесінен оқушылар кітаптар таңдап, оқуға алды.