Бала құқығы – адам құқығы » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
» » Бала құқығы – адам құқығы
03
декабрь
2024

Бала құқығы – адам құқығы

 Бала құқығы – адам құқығы
Отбасылық кітапханада Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай «Бала құқығы – адам құқығы» атты өткізілген дөңгелек үстелге А. Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп - гимназиясының 7 «ә» сынып оқушылары қатысты. Аталған шараға педагог – психолог Назерке Нұрланқызы, Тұран аудандық полиция бөлімінің полиция аға лейтенанттары Әбдірасыл Нұрлан Дүйсенұлы мен Серік Бақберген Серікұлы шақырылды. Заң өкілдері оқушыларға балалардың құқықтарын қорғайтын түрлі ұйымдардың жұмыс бағыты мен олардың атқарған жұмыстары жайлы айтып өтті. Сондай-ақ бала құқықтары мен міндеттері жөніндегі Заңдармен, бала құқығы туралы Конвенция жөнінде баяндама оқылып, «Тәрбие отбасынан басталады» атты бейне ролик көрсетілді. Балалар тренинг ойын арқылы өздерінің құқықтары мен міндеттерін ұғынды. Іс - шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив